Жолдау жүктеген он міндет

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру мәселелері бойынша ауданның атқарушы  органдарымен аудан  активі өтті.

 

                Активте Панфилов ауданының әкімі Темірлан Бектасов Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген 10 міндет бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме,  сала басшыларына жүктелген жұмыс ауқымын түсіндірді.

                -«Жолдау бізге 10 міндетті нақтылап берді»,-деп бастады сөзін Темірлан Амангелдіұлы.              

                Біріншіден, «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы  тиіс». Яғни өндіріске  жаңа технологияларды енгізудің маңызы зор. Отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағыттау. Сонымен қатар, Қазақстанда қайта өңдеу секторын жандандыру.

 Бұл бағытта ауданымызда «Крахмал-сірне       зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   жұмыс  істеуде.

                2018 жылы «Феникс Фид Миллс» жауапкершілігі шектеулі серкітестігін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл күрделі жем шығаратын зауыт және элеватор.

                Екіншіден, «Ресурстық әлеуетті одан ары дамыту» міндеті алға қойылды. Яғни энергия өндірушілер жұмысының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптар күшейеді. Жергілікті жердегі шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай қайта өңдеу үшін шаралар қабылданады.

                Ауданда бұл бағытта 2017 жылы «МПК Аулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт) жұмысын бастаған.

                Үшіншіден, «ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға» серпін береді.

Өздеріңізге белгілі облыстағы жүгерінің 33 пайызы біздің ауданда өсіріледі. Жүгерінің егіс алқабы 25 785 гектарға дейін жетті. 

                Жоспардағы «Сүйінов» шаруа қожалығы мал соятын орнының, «Заря ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің (жүгері дәнін қабылдап, тазалап, кептіретін және сақтайтын зауыт. Қуаттылығы жылына 100 мың тонна жүгері дәнін кептіреді. Жобаның құны 975 млн.теңге) іске қосу.

                Төртіншіден, Қазақстанда көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігі  артады.

                Еліміздегі автожолдардың сапасын арттыру үшін қомақты қаражат бөлінеді. 2017 жылы жол жөндеуге 849,9 млн.теңге жұмсалып, 16 шақырым жолға орташа жөндеу, 68,3 мың шаршы метрге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жаркент қаласының орталығы Жібек жолы даңғылындағы 6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді.

                Бесіншіден, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологиялар енгізілетін болады.

                Азаматтарды тұрғын үймен  қамтамасыз  ету  мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету қолға алынады. Ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы көлемі артады.

                Алтыншыдан, қаржы секторы қайта жаңғыртылады.

                Жетінші,  жаңғыру негізі – «адами капиталды» дамыту.

                Сегізінші, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. 

                Нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіру керектігін атап өтті. Үнемделген қаржыны мемлекеттік қызметшілер бонус төлеуге жұмсайды.

                Тоғызыншы, заң үстемдігі.

                Меншік түріне қарамастан барлық мекеме, ұйым басшылары жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет.

                Оныншы, «ақылды ұлт» үшін «ақылды қалалар» құруды көздейді.

                Бұл бағытта да нақты тапсырмалар берілген жағдайда дер кезінде орындау қажет.

                Сондай-ақ  аудан  әкімі  бұл  Жолдаудың  халқымызды жаңа белестерге бастайтын рухани құжат екенін де тілге тиек етті.

                Активке қатысушылар да сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайтындықтарын білдірді.

                Актив жиынын аудан әкімі Темірлан Бектасов қорытындылап, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген 10 басым бағытбойынша нақты тапсырмаларды іске асыру қажеттігіне тоқталды.

Б.Тлеухан.

 

 

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net