Тұрғын үйге қолжетімділік артады

 Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету - мемлекеттің  әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Дегенмен, мемлекет тұрғын үй құрылысына қаржы беріп, әлеуметтік мәселелерді ғана шешпейді, ол экономиканың құрылыс,  материалдарын өндіру, солармен шектес өңдеу, көлік, банк секторлары сияқты салаларды   ынталандырады.

     -Дегенмен мақсатқа тез арада қол жеткізу үшін инвестициялар динамикасын арттыру қажет болады, бірақ олар қазір де өте жоғары деңгейде. Қазақстандықтардың  тұрғын  үй жағдайларын жақсарту міндеті түрлі құралдарды қолдану арқылы орындалуда. «7-20-25» механизмі енгізілгеннен кейін елімізде екі жеңілдікті  ипотекалық мөлшерлеме болады, олар –«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 пайыз және жаңа механизм бойынша 7 пайыз. Бұл тұрғын үй құрылыс компанияларындағы борышкерлерге мөлшерлемелерін қаражаттандыру, тұрғын үй инфрақұрылымына мемлекеттік инвестициялар, жалдамалы және коммерциялық тұрғын үй бағдарламаларына, үлестік құрылысты демеу шараларын қамтыды,-дейді сала мамандары.

(Өз  тілшіміз).