Баспаналы болғыңыз келсе...

Бүгінгі таңда  әрбір адамның басты қажеттілігінің бірі баспана екені белгілі. Баспаналы болсам дейтін адамдар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы таптырмайтын мүмкіндік. Бағдарламаны жүзеге асыратын ұйымдардың ішінде  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де бар.

 

                Ең біріншіден, бағдарлама аясында жаңа пәтерді кімдер ала алады деген сұрақ туындайды.

                «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік баспана салу» бағыты бойынша жаңа үйлерді тұрғызу істерін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Бағдарлама аясында салынған пәтерлердің кем дегенде 50%-ы жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында таратылады. Ал қалған пәтерлер кезекте тұрмаған ТҮҚЖБ салымшылары арасында үлестіріледі.  Дегенмен «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанаға ие болу үшін әкімдікте кезекте тұрған азаматтар да ТҮҚЖБ-да шот ашып, сол шотқа ақша жинауы керек. Сонымен қатар, байқауға қатысушы ҚР азаматы болуы тиіс. Қатысушының немесе әрдайым онымен бірге тұратын отбасы мүшесінің еліміздің аумағында жеке баспанасы болмауы қажет. Байқау барысында қатысушының соңғы бес жыл ішінде тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатқаны туралы ақпарат беретін деректер болмауы және басты талап-баспана иесі болғысы келетін азаматтардың төлем қабілеттілігінің болуы. 

                «Тұрғын   үй   құрылыс    жинақ    банкінде»   қалай   шот  ашуға   болады?

                Ол үшін жақын маңдағы банк бөлімшесіне барсаңыз болғаны. 2017 жылдан бастап депозит ашу  комиссиясыз жүзеге асып келеді. Қаражат жинақтау барысында салымшының есепшотына 2% көлемінде банктен сыйақы беріледі. Оған қоса, жыл сайын мемлекет 200 АЕК-тен (немесе 453 800 теңгеден) аспайтын сомаға 20% сыйлықақы тағайындайды. Қажетті соманы тез жинау үшін отбасының әр мүшесіне жеке есепшот ашуға болады. Себебі, мұндай жағдайда мемлекеттік сыйлықақы әр шотқа бөлек тағайындалады. Кейіннен бұл шоттарды біріктіруге болады. Нәтижесінде, қажетті ақшаны тез жинауға болады.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жаңа пәтер иесі атану  қиын емес. Бастысы, бағдарламада көрсетілген талаптарды орындау керек.

Жансая   Ержанқызы.

 

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net