БАСПАНА – БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК

Егеменді  ел  болып, өз  шекарамызды бекіткеннен бері еліміз күн санап дамып, мемлекетіміздің жарқын болашағы және халықтың игілігі үшін көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуды.

     Соның бірі, тәуелсіздікке қол жеткізген кешегі күннен бері өзекті болып келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Осы мақсатты орындау барысында 2016 жылдың соңында  Үкіметте  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны бекітудегі басты мақсат халықтың баспаналы болсам деген армандарын ақиқатқа айналдыру. Өйткені, баспана – халық  үшін  басты  қажеттілік. 

     Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп, мемлекет қойған міндетті межелер бірте-бірте орындалып келеді. Аталған бағдарламаның ерекшелігі – ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру, тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру, кредиттік тұрғын үйді тұрғын үй құрылыс салымдарының жүйесі арқылы салу, халықты жалдамалы  баспанамен қамтамасыз ету, үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау болып табылады.  Мемлекет баспаналы болғысы келген кез келген азаматтарға жан-жақты мүмкіндіктер жасауда. Бағдарламаға қатысу жолдары туралы мәліметтер отандық ақпарат құралдарында барынша түснікті тілде таратылып жатыр.

А.Қуантайқызы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net