Игілігі мол бағдарлама

Халықтың баспанамен қамтамасыз етілуін ілгерілететін «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімділігін   халық  мойындап  отыр. Себебі,  еліміздің  әр  өңірінде осы бағдарлама бойынша баспаналы болып жатқан тұрғындар саны артып келеді.

    Әсіресе, игілігі жоғары бұл бастама жас отбасылардың пәтерлі болуына барынша жағдай жасап беруде. Саяси тұрақты, өз алдына дербес, экономикасы дамыған елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруын қолға алу да дұрыс-ақ. Бұл саясат сахнасында сарабдал саясатымен көш бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған маңыздылығы жоғары бағдарламаларының бірі.

     Осы тұста тағы бір айта кетер жәйт, соңғы жылдары мемлекетімізде жыл сайын салынған пәтер 40 мыңды құраса, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұл көрсеткіш жоғарылап 100 мың пәтер қолданысқа беріледі деген жүйелі жоспар бар. Демек, пәтер жалдап тұратын көптеген азаматтар өздерінің қоныс тойларын тойлайтын күн де алыс емес дегенді білдіреді. 

А.Қуантайқызы.