ИГІЛІГІ МОЛ БАҒДАРЛАМА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жуырда ұлттық банк «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын әзірлеуіне және бекітуіне байланысты бағдарламада айтылған 5 негізгі міндеттер қайта қаралып, өзекті болып белгіленді. Атап айтқанда: Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу; Кредиттік тұрғын үй салу; Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру; Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу;

 

                Осы тұста ескерте кететін бір жәйт «7-20-25»  ипотекасын енгізуге байланысты бұрын баяндалған «ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру» деген 5-міндет жасалған шарттар бойынша субсидияларды төлеу міндеттемелерін сақтай отырып алынып тасталған.

                Халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама бүгінде заңды тұрғыда күшіне еніп, өз жұмысына кірісіп кетті. Мәселен, еліміздегі кейбір қалаларда жеңілдетілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып баспаналы болғысы келетін азаматтар осы бағдарламаға қатысуға өз өтініштерін беріп те үлгерген.

Ақмарал Хаметова

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net