Бағдарламадағы өзгерістер

 Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасына биылғы жылдың сәуір айында өзгерістер енгізілген болатын. Бұл енгізілген өзгерістер Мемлекет басшысы ұсынған «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын қолдауға бағытталды.

       Елдің баспаналы болуын қолжетімді түрде қамтамасыз етіп келе жатқан аталған бағдарламаның жақында тоқтатылғандығы жөнінде ақпараттар көптеп таралды. Мәселен, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында ипотекалық қарыздарды субсидиялауды тоқтатады»,-деп компанияның баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

    Онда «Нұрлы жер» бағдарламасы ҚР Ұлттық банкінің «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске қосуына сәйкес, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ АҚ, оның еншілес ұйымы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Ипотекалық несиелендірудің мүмкіндігін арттыру» бағытын – «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтатады» делінген.   Дегенменде     субсидияны тоқтату туралы қаулы жаңа қарыздарға ғана қолданылады.

А.Қуантай.