Журналист жүлдегер атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 25.08.2018 04:32
- Автор: Super User
- Категория: Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы
- Қаралды: 2156
Журналист жүлдег Биылғы мамыр айының соңында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі мен ҚХР-ның еліміздегі Елшілігі бірлесіп Ұлы Жібек жолының XXI ғасырдағы жаңғыруына, Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына және екі елдің қазіргі әлемдегі гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық жарияланымдарға «Өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясы» атты байқау жариялаған болатын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдық мерейтойына арналған бұл байқауға екі айда республикамыздың түпкір-түпкірінен 60-тан астам материал келіп түсіп, олардың 25-і үздік деп танылған. Солардың бірі – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрәділ БЕГІМБЕТТІҢ «Үздік эссе» номинациясына ие болған «Қос елге құт сыйлаған Қорғас суы» атты сериялы мақаласы.
Жүлдегер жерлесіміз жақында Астанаға арнайы шақыртумен барып, «Пекин-Палас» сарайында өткен жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысып қайтты. Оған арнаулы диплом мен бағалы сыйлықты ҚХР-ның Төтенше және өкілетті елшісінің міндетін атқарушы Лю Цзянь Пи мен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев табыс етті.
Нұр-ағамызды журналистика саласындағы осынау жоғары жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің Жаркент аймағы бойынша тілші-шолушысы қызметіне кірісуіне байланысты да жұмысына жеміс, ісіне сәттілік тілейміз!
Ерғазы МАНАПҰЛЫ.