Журналист жүлдегер атанды

Журналист жүлдег Биылғы мамыр айының соңында «ҚазАқпарат» халықаралық  агенттігі мен ҚХР-ның еліміздегі  Елшілігі бірлесіп Ұлы  Жібек  жолының XXI  ғасырдағы жаңғыруына, Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына  және  екі   елдің қазіргі әлемдегі гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық  жарияланымдарға «Өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясы» атты байқау жариялаған болатын.       

 

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ  «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдық мерейтойына арналған бұл байқауға екі айда республикамыздың түпкір-түпкірінен 60-тан астам материал келіп түсіп, олардың 25-і үздік деп танылған. Солардың бірі – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрәділ БЕГІМБЕТТІҢ «Үздік эссе» номинациясына ие болған «Қос елге құт сыйлаған Қорғас суы» атты сериялы мақаласы.

                Жүлдегер жерлесіміз жақында Астанаға арнайы шақыртумен барып,  «Пекин-Палас» сарайында өткен жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысып қайтты. Оған  арнаулы диплом мен бағалы сыйлықты  ҚХР-ның Төтенше және өкілетті елшісінің міндетін атқарушы Лю Цзянь Пи мен    «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасары         Данияр  Өтешев   табыс  етті.

                Нұр-ағамызды  журналистика саласындағы осынау жоғары жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен  қатар  «ҚазАқпарат» халықаралық  агенттігінің Жаркент аймағы бойынша  тілші-шолушысы қызметіне кірісуіне байланысты да  жұмысына жеміс, ісіне сәттілік тілейміз!

 Ерғазы   МАНАПҰЛЫ.