Қолжетімді баспана
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2018 10:01
- Автор: Super User
- Категория: Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы
- Қаралды: 1918
«Нұрлы жер» бағдарламасының операторы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ АҚ екені белгілі. Компания жыл соңына дейін 96 пәтерлік тағы бір үйді іске қосуды межелеп отыр.
Оның басқарушы директоры Арман Мұқатаевтың айтуынша, сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйлер бірінші кезекте әлсіз әлеуметтік санатқа жататын топтарды қамтиды. Жалдау құнының бір шаршы метрі айына 772 теңгеден аспайтыны, бастапқыда жарна мен артық төлемдердің болмауы пәтерлердің қолжетімділігін, отбасылық қаржылық жүктеменің аздығын аңғартады. Жиырма жыл мерзімге берілген пәтер кейін жалға алушының басыбайлы меншігіне өтеді. Баспана құнын мерзімінен бұрын өтеуге де болады.