Ай сайынғы төлем анықталды

«Баспана» ипотекалық ұйымының хабарлауынша «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасымен қарыз алушылардың 60 пайызы айына 100 мың теңгеден кем төлем төлейді.

 

     Жалпы ұйымның есептеуі бойынша ай сайынғы орташа төлем 80 мың теңгені құрайды.

   Бұл ретте «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков: «Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда «7-20-25» ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді»,-деген болатын.

    Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін   «Баспана» ипотекалық  ұйымы  құрылған болатын. Олардың ресми сайты www.baspana72025.kz. Бағдарлама бойынша ауқымды ақпарат білгісі келген азаматтар осы ақпараттық  желі арқылы кез келген сұрақтың жауабын ала алады.

А.ҚУАНТАЙҚЫЗЫ

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net