Үйсіздер үміті ақталады

11.01.2019 Отандық ақпараттық басылымдардың деректеріне жүгінсек «7-20-25» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге дейін екі мыңнан астам қазақстандықтар пәтер кілтіне ие болған.

    Аталған бағдарламаға жауапты мамандардың пікіріне жүгінер болсақ, қарыз алушылардың  60%-ы  ай  сайын 100 мың теңгеден кем мөлшерде берешек төлейді.

    Бұл ретте «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн. теңге, басқа аймақтарда 12 млн.). Заем алушылардың көпшілігі, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

    Бағдарлама бүгінгі таңға дейін өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай дәлелдеп келеді. Республика бойынша құрылыс қарқыны да жоғарылап, жаңа нысандар салынуда. Жаңа тұрғын үйлердің саны жеткілікті болса, бағдарлама бойынша баспаналы болудың мүмкіндігі де арта түспек.

    Өткен жыл қорытындысы бойынша аудан әкімі Темірлан Бектасов халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді қамтитын бағдарламаға қолдау көрсетуге қашан да дайын екендігін айтып, бағдарламадағы көрсетілген алғашқы жарнаның 20 пайызының жартысы яғни, 10 пайызына облыс тарапынан арнайы субсидия бөлінгенін тілге тиек еткен  болатын. Сонымен қатар, үй салу үшін арнайы жер бөлініп, алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі.

Ақмарал   ХАМЕТЖАНОВА

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

booked.net