Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды

05.04.2019ж

Панфилов аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында «7-20-25», Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын аудан көлемінде іске асыру барысы туралы жиын болып,  оны аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов ашып, жүргізіп отырды.

 

     Баяндаманы «Панфилов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй  инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Тазабеков жасап, аталған бағдарлама бойынша атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті жұмыстар жайлы жан-жақты, мәліметтер берді. Ал, Ш.Бурхандинұлы бағдарлама  бойынша  туындауы   мүмкін проблемалар барлығы мен әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын санаттағы азаматтардың баспана мәселесін шешудің   ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталып отырысты қорытындылады.

     Сонымен бірге аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның кезекті отырысын аталған комиссияның төрағасы Ш.Құрбанов жүргізіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңы мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеті, азаматтық парызы екенін айтып өтті.

     Талды, Қоңырөлең ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспарының жасалған жұмыстар нәтижелері  туралы» баяндамаларды аталған округтердің әкімдері М.Сейсенбеков пен Е.Далабаев жасады.

     Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды

Өз тілшіміз.