Алматы облысында 21 көпбалалы отбасына баспана берілді

29.08.2019ж

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы  мерекесі  қарсаңында  Алматы облысының Алакөл ауданында 6, Көксу ауданында 5 және Текелі қаласында 10 көпбалалы отбасыға 21 үйдің кілті табыс етілді.

 

Көксу және Алакөл аудандарында берілген үйлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында сатып алынған. Табысталған әрбір үйдің ауданы 72 шаршы метрді құрайды және әрқайсысына республикалық бюджеттен 10 млн. теңге қаражат жұмсалған. Ал, Текелі қаласына Республикалық бюджеттен 96 млн теңге бөлінген. Бүгінгі күні 56 млн 400 мың теңгеге аталған 10 үй сатып алынып, тұрғын үй алу кезегіндегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Алакөл ауданының тұрғыны жалғыз басты, 6 бірдей баланың анасы Еськова Иринаның айтуынша бұл қуанышты 8 жыл күткен.

«Пәтер жалдап, көшіп-қонып жүретін күндер артта қалды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Енді осы жер балалар мекеніне айналады деп ойлаймын. Ең алдымен Президентімізге, одан кейін облыс, аудан басшылығына алғысым шексіз», деп қуанышын жеткізді.

Жалпы, Алматы облысында жыл басынан баспана беру бағдарламалары аясында 640 пәтер берілген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны 263-ке жетіп отыр. Жыл соңына дейін облыста 284 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 708 пәтер падалануға берілмек.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net