Шаруаңызды шалқытамын десеңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін ден  қоя оқып шықтым.

    Қашан да  елімен етене,  халқымен қалаулы болып жүрген  Елбасымыздың  бұл жолғы Үндеуі де – болашағымызға  бағдаршам  болатындай елеулі оқиға екен.

    Біз сияқты ауыл шаруашылығы саласында жүрген  мамандарға осы Үндеудегі  төртінші  бастама – «Шағын несие беруді көбейту» атты бөлімі қуанышқа бөлеп отыр.

   Үндеудегі «Сондықтан 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 млрд  теңгеге жеткізуді тапсырамын» деген тапсырмасы  жүзеге асар болса, онда еселі еңбекке жұмылып отырған шаруа адамының берекесі шалқымақ. Бұл жағдайда өсімдік жеміс ағаштарын өсірумен тікелей  айналысатын  адамдарға жаңа технология көмекке  келетін болады. Мұның  өзі бүгінгі өмірдің өзі ұсынып отырған үдемелі үрдіс.

Әбуғали Қапаров

«РФД және БӘО» РММ

аудандық  филиалының

маманы.

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1764969