Берері көп бес бастама

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының біріккен отырысында күллі Қазақстан халқына арнаған Үндеуі бүкіл ел-жұртты елең еткізіп, ертеңгі өсіп-өркендеуіміздің ерекше жолдарын көрсетті.

    Мемлекет басшысы ұсынған «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға айрықша қамқорлықтың айғағы деп батыл айтуға болады. Әр отбасының баспаналы болу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы бастама тіптен құнды. Сонымен қатар салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту үшін салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру жайлы айтылуы  да  жұртшылықты ерекше тәнті етті.

     Бәріміздің балаларымыз, немерелеріміз бар. Олардың жоғарғы оқу орындарында оқуға талпынатыны да табиғи заңдылық. Ендеше, еліміздің ертеңі болып есептелетін олар үшін қосымша гранттар бөлініп, жатақханалардың жеткілікті түрде салынатындығы да қатты қуантты. Еліміздің орталық және солтүстік аймақтарына бір жарым  жыл  көлемінде  газ тартылатынын да мемлекетіміздің күш-қуатының арта түскендігі, халқымыздың жағдайы жақсара беретіндігінің белгісі деп бағалауымыз керек.

     Қорыта айтқанда, Елбасымыздың бұл әлеуметтік бес бастамасы-өркениеттің өріне қарай өршілдікпен өрелеп келе жатқан мемлекетіміздің мерейін үстем ететін бес белес болып табылады.

Жандос  Әбілов,

Панфилов аудандық

 мәслихатының депутаты,

«Нұр Отан» партиясы Панфилов 

аудандық  филиалы саяси

 кеңесінің  бюро  мүшесі.

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1764974