Баспана алудың мүмкіндігі

Елбасымыз Н.Назарбаевтың халқымызға жолдайтын жыл сайынғы Жолдаулары мен бағалы бастамаларына етіміздің үйреніп кеткені сондай, ол Жолдауларды  тағатсыздана  күтетініміз  шындық.

     Елімен етене Елбасымыз көгілдір көктем айы – Наурыздың басында  сүйікті халқына арнаған кезекті бір үндеуін жариялап отыр. Президентіміз бұл жолы  әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарды  алдымызға тартып отыр.

    Көпке ұсынған осы бес әлеуметтік  бастаманың алғашқысы – «Әрбір отбасына  баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» біз сияқты  жас ұрпаққа білім, тәрбие беру ісімен айналысатын  ұстаздар қауымын,  әсіресе баспанасы жоқ жастарды ерекше қуанышқа бөлеп отыр.

     ... «Сондықтан   мен «7-20-25» бағдарламасын  ұсынамын. Жұмыс істейтін  әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес жылына 7 пайыздан   аспайтын болады...»

    Жастарға деген шексіз қамқорлықтың осы шынайы көрінісі – біздерге үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.

Мақпал  

Сұраншиева,

Алтынсарин атындағы 

                                                                                                                     орта мектептің

                                                                                                                психолог мұғалімі.