Басты назар - Елбасы саясаты

Депутаттардың өңірлердегі сапарлары аясында  Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі Смағұлов Асылбек Айжарықұлы Панфилов ауданында болды. Сапардың  басты мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамаларының мән-маңызын жан-жақты ашу, олардың жүзеге асырылуының тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

 

                Осы мақсатта халық қалаулысы өңірдегі  Пенжім,Талды, Үлкенағаш, Бірлік ауылдық округтерінде халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.

                Кездесу  кезінде Елбасы Үндеуінің басымдықтарын нәтижелі жүзеге асыру жан-жақты талқыланып, жиналған жұртты елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

                Аумақтарда өткен кездесулерге Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Р.Мағрупова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов пен  аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының  төрағалары қатысты.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net