Болашақтың бағдары

Қазақ әдебиетіндегі бес арысымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов:     «Президент дегеніміз өз елінің тәрбиелі тұтқасы» – деген екен. Иә, шынымен де біздің Елбасымыз еліміздің тұтқасы.  Күллі қазақ елін бір тудың астына жиып, үш жүздің басын қосқан Абылайдың ақ арманын жалғастырушы Елбасымызға қанша алғыс айтсақ та артық емес. Дегенмен таратып айтар болсам, аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да көрген елімізді Президентіміз әлемге танытты.

 

                Ел келешегінің кемелденуін қашан да назарында ұстайтын Елбасымыз 2018 жылдың 10 қаңтарында жариялаған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ұсынды. Жолдауда 10 міндет қарастырылған. Терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқан Қазақстанның жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгерісті көздеген бұл Жолдау біз үшін құнды. Елбасының игі бастамасымен алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. Сонымен бірге «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетіміздің қарқынды даму үстінде екендігінің айғағы. Жолдаумен қатар Президентіміз тың бастамаларын толастанқан жоқ.

                Мемлекет басшысы ұсынған «Бес әлеуметтік бастама»  – бұл қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғырландырылған платформасы.

                Елбасы барлық қазақстандықтарға жақын және түсінікті нақты іс-қимылдар бағдарламасын айқындады. Қолжетімді тұрғын үймен, сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту, халық табысының өсуі – бұл әлеуметтік саясатты тиімді жаңғырту үшін уақытылы қабылданған шаралар.

                Бұл бастамалар ұлттық мүдделер мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың басты бағыты.

                Ең қиын экономикалық жағдайлардың өзінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері ұлттық күн тәртібінде өзекті басымдылықтар болып қалуда. Біз Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары барлық азаматтардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық  әл-ауқаттың прагматикалық қазақстандық үлгісінің негізін қалыптастыратынына нық сенімдіміз.

                Жаңа міндеттер мемлекеттік органдар мен жалпы азаматтық қоғамдастықтың үйлесімді, тиімді жұмысын талап етеді.

                Елбасымыз әлемдік мінберлерден әлемдік толғаныстарды толғап жатқанда, жер бетіндегі күллі адам баласының тағдырына шырылдап араша түсіп жатқанда, айымыз оңынан, жұлдызымыз солынан туып тұрған осындай заманымызда бар ақыл-ойымызды, күш жігерімізді бүгінгі бақытымызды баянды етуге жұмсауымыз керек. Бүгінгі табысымызды еселейтін, елді алға сүйрейтін жастардың намысшыл жаңа буыны нағыз Отаншылдарды тәрбиелеуді қолға алуымыз керек деп ойлаймын.

                Елбасымыз өзінің бір сөзінде: «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ» деген екен. Қандай да бір шешім қабылдағанда да нендей бір істі бастағанда да Елбасы осылай, үнемі халыққа сеніп, арқа сүйеп келеді. Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да – өзінің туған халқы.

                Ендеше, болашағымыздың бағдары болар бес әлеуметтік бастаманы қолдап, өзіміздің үлесімізді қоса білейік. Туған халқын өмір өткелдерінен тура бағытта алып келе жатқан Президентіміздің игі бастамаларына жалынды жастар үн қосады деп сенемін!

М.Тұрлыбеков,

аудандық  мәслихат  депутаты .

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net