Мақсат - ортақ, мүдде - бір

«Әрбір отбасына     баспана  алудың  жаңа мүмкіндіктерін беру керек». Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Үндеуінде осындай міндет қойып отыр.  Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында, тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген бағдарлама қабылданды. Соның ішінде, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының мамандары аз қамтылған және жас отбасылар, бір сөзбен айтқанда түрлі категориядағы азаматтар тұрғын үйге жеңілдіктермен қол жеткізген болатын.

 

Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Себебі, «Нұрлы жер» аясында тұрғындарға пәтермен бірге, жеке тұрғын үй алу мүмкіндігі де беріліп отыр. Үндеуде келтірілген деректерде өткен жылы ғана елімізде 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілгені айтылады. Расында, бұл – рекордтық көрсеткіш.

                Десе де, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының жыл санап көбеюі, мәселенің әлі де болса шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынуы тың бастама дер едім. Бұл еліміздің шын мәніндегі әлеуметтік мемлекетке айналғанын көрсетеді. Президент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан асырмауды және бастапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр. Бұл – қарапайым азаматтар үшін өте тиімді қадам.              

                Біздің азаматтарымызда ақша жинау мәдениеті қалыптасуда. Демек, баспанаға жол жеңілірек болады. Сонымен қатар бұл бастама шағын және орта бизнестің жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Бизнесті дамытып, аяққа нық тұруға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынуда. Бұл бес бастама xалыққа да үлкен жауапкершілік артады. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады.

                Елбасымыздың көреген саясатының арқасында, халықтың әлеуметтік тұрмысын түзету үшін жұмыстар атқарудамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір мақсаты, бір мүддесі, бір болашағы бар ел әлі де талай асуларды асып, мерейі үстем болады деген сенімдемін.

Р.Жарылқасынова,

Жаркент  қаласы 

әкімі  аппаратының

                                         жетекші  маманы.                                                    

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net