Жалақыңызды да жұбаныш етіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің  бес  әлеуметтік         бастамасы» атты  халыққа Үндеуіндегі: «Жалақысы  төмен жұмысшылардың  еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» деген екінші  бастамасы көпшіліктің көңілінен шығып отыр.  Өйткені, біздің қоғамда төменгі мөлшерде жалақы алатын еңбек адамдары көп-ақ.  Әсіресе бұл жағдай қоғамдық тамақтандыру саласынан айқын аңғарылады.

 

                Қала орталығындағы «Аружан» асханасына келушілердің қарасы көп.  Әсіресе, түскі мезгілде тамақтанатын адамдар жиілеп кетеді. Алыс-жақыннан  келетін бұларға сапалы қызмет көрсету де оңай емес.Асханадағы қызметшілердің  саны  онға да жетпейді. Алайда олар күнделікті табыс түсіріп, қоғамның қажеттілігін өтеп келеді. Олардың басты  қағидасы – көпшілікке сапалы қызмет көрсету.

Меруерт Қасенова,

«Аружан » асханасының

  қызметшісі.