Шынайы қамқорлық белгісі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің  бес әлеуметтік  бастамасы» атты халыққа жолдаған Үндеуінің бірінші бастамасы - Елбасының халқына жасап отырған қамқорлығының  шынайы  көрінісіндей.

 

                Бұл бастама әрбір қазақстандық отбасына баспана берудің жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Біздер осыған қуанамыз. Бұл елімен қашан да етене болып жүретін Мемлекет басшысының жарқын болашағымызға жасап отырған жаңа бір қадамы сияқты.

                Бұл қадам өзіміз сияқты ауылда тұратын баспанасы бар жандарға жай ғана ғажап емес. Әйтсе де бұл қадамның баспанасы жоқ қала тұрғындары үшін бақыттың  кілті  сияқты.

                Осы бастамада баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері толық қарастырылған. Елбасының бұл қамқорлығы біз сияқты қарапайым жандарды одан әрі қанаттандырады, үмітімізге үміт, сенімімізге сенім жалғайды.

Айман  Мұрымбаева,

Нәдек ауылы.

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net