БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ негізгі ӨЛШЕМІ – БИЗНЕСТЕ

 Кез-келген адам өз болашағының жарқын болғанын және дамыған мемлекетте еш алаңсыз өмір сүргенді қалайды. Ол үшін әрбір адам ілім-білімге ұмтылып, өз отанының қарыштап дамуына бар күш-жігерлерін салуы керек. Ал, бұл тұрғыда біздің мемлекетіміз азаматтарға барынша қолдау көрсетіп, білім алуларына, олардың өз алдына дамуына түрлі жағдайлар жасауда. Соның бірі әрі бірегейі ретінде  «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын»  айтсақ болады. Елбасымыз көтерген 5 әлеуметтік бастама елдегі кез-келген азаматтың дамуына жасалған үлкен қолдау.

 

                Бүгінде жеке кәсіп ашып, өз жұмысын өркендетуді ойлайтын азаматтар үшін Елбасы үндеуінде айтылған төртінші шағын несие беруді көбейту бастамасының берер көмегі көп. Дәл осы төртінші бастамада бәсекеге қабілетті болудың жолы көрсетілген. Елбасы өз сөзінде «Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады», - деді. Расында заманауи қоғамдағы елдердің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпкерліктің дамуымен өлшенеді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі күннің басты талабы.  Осы бастама бойынша Президент биылғы жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырған болатын. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететіндігі көзделіп отыр. Елбасы айтқан тапсырмалар кезең-кезеңмен орындалар болса, шағын несие алу арқылы отандастарымыз өздерінің жеке бизнестерін дамытуға мүмкіндік алады.

                 Бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі – бизнесте. Олай болса, мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің дамуына бірге үлес қосайық.

(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net