Ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақ

 Тәуелсіз  еліміздің  ертеңі - бүгінгі  жас  ұрпақ.  Еліміздің ертеңгі  жарқын болашағы  мәдениеті   жоғары,  білімді,  парасат-пайымы мол  жастардың қолында. Олар  жан-жақты, білімді болулары керек.  Сондықтан да олардың   шығармашылық  әлеуетін  қажетті  салаға бағыттайтын  мемлекеттік  жастар саясатын тиімді  жүзеге  асыру  кезек күттірмейтін   мәселе  болып  табылады.

 

                Мемлекет  пен  қоғамның   дамуы,  болашақтың жарқын болуы үшін жастарды қолдау және ынталандыру аса маңызды. Осы  мақсатта қоғамдағы жастардың өмір сапасын жақсарту, кәсіби дайындық жұмыспен қамту, кәсіби өсу, сондай-ақ, өз бетімен өмірге аяқ басқан келер ұрпаққа қатысты мемлекеттік саясатты жандандыру керек.

       Қазақстан  Республикасының   Президенті жастарды қолдау арқылы оларға деген мүмкіншілікті арттыру жолдарына баса назар аударды. Бұған дәлел  ретінде мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттың көптеп бөлінуін айтуға болады.  Сондай-ақ бастамада халықтың әлеуметтік мәселелері де шет қалмаған. Тағы бір айта кетер жәйт, елімізде тұрғын үй мәселесі, қазақстандықтарға салықтық жүктемені төмендету және елді газдандыруға бағытталған шаралар жіті назарға алынған.

(Өз  тілшіміз). 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net