ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢБАСЫ - МАРКАДА
- Толығырақ
- Жарияланды 25.10.2021 05:21
- Автор: Super User
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Қаралды: 675
25.10.2021ж
Қазақстан мен БАӘ мерейтойына орай пошталық маркалар шығарылды. Қазақстан мен Біріккен Араб әмірліктерінің пошта қызметтері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында маркалар шығарды.
Маркалар «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясымен шығарылып, айналымға енгізілді. Шығарылым бір-біріне жалғасқан екі маркадан тұрады. Әрбір пошта марка көлемі 28х40 мм және номиналы 550 теңге. Таралымы-20 мың дана. Маркаларды жасау кезінде ультракүлгін бояумен қорғау элементтері қолданылды. Олар лакпен және алтын фольгамен өрнектелген.