«Tarihi Jol»:Туризмнің заманауи жаңғыруы

15.01.2020ж

Алматы облысында тарихи маңызы бар мекендер мен ескерткіштерді цифрландыру мақсатында жасалған «Tarihi Jol» атты мабильдік қосымшасы «Jetisy Media» ақпараттық  алаңында  таныстырылды. 

 

Бұған дейін Алматы облысында «Tarihi Jol» -Қазақстан тарихын жандандыру жобасы»тақырыбында презентация ұсынылған болатын. Жоба авторлары бір жыл ішінде облыстағы 15 нысанды ұялы телефон қосымшасына енгізген болатын,  жыл соңына дейін 25-тен астам нысанды жобаға кіріктіру жоспарланып отыр.

 «Бүгінгі таңда біз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарын өзіміз шығарған жобаға кіргіздік. Еліміз бойынша 135 нысанды қамтып отырмыз. Алматы облысы бойынша атлған қосымшада 15  аймақ көрсетілген»,- деді өз сөзінде «AV-Software»  ЖШС директоры Арман Маратұлы.

Бұл өнім елдің туристік секторын үйлестіруге және жақсарту үшін қазақстандық жас мамандардың ойлап тапқан жобасы. «Tarihi Jol»-ды қолданудың бірегейлі- бұл жаңа технологиялардың беталысын біріктіретін және ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып, адамгершілік құндылықты ұстанатын өзіндік ұғым. «Tarihi Jol» -дың көмегімен туристер еліміздің тарихи және мәдени ескеркіштеріне барудың бағытын көре алады. Қосымшадағы шынайы ақпарат  нұсқаулық ретінде қызмет етеді және туристерге орнатылған нысанның тарихи мәні туралы сенімді түрде мағұлмат береді.

Өнім үш маңызды компоненттен тұрады:

1.AR- тарихи кейіпкерлер стилінде кеңейтілген шыңдықты қолдана отырып, ақпаратты қабылдауды жетілдіреді.

2.VR 360 -360 дәрежелі бейнелер, олар  виртуалды шыңдықты және Қазақстанның қасиетті жерлерінде «қатысу эффектін» жасайды.

3.Offline режимі- интернетсіз жұмыс режимі, туристерге интернет желісі жоқ жерлерде де  «Tarihi Jol» -ды пайлануға мүмкіндік береді.

Болашақта «Tarihi Jol» -ды бүкіл Қазақстан бойынша  бірыңғай қосымша ретінде пайдалану жоспарлануда.

Гүлжанат Нұрасыл