Индустрия 4.0

Төртінші   индустриялық  революция немесе «Индустрия 4.0» бүгінгі таңда әлемдегі ең өзекті   үрдістердің  бірі.   Индустрия 4.0  технологиясын енгізу кәсіпорындардың тиімділігін 10-20 пайызға дейін арттырады.  Өнеркәсіпті  цифрландырудың өзекті  мәселелерінің бірі – еңбек күші.

    Технологиялық өзгерістер өндірістегі жұмыстың сипатын өзгертіп, қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.

     Бүгінгі таңда саланы ауқымды цифрландыру үшін отандық мамандар жеткілікті деп айту ерте.   Сондықтан   «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа буын кадрлары төртінші индустриялық революцияның жаңа технологияларын есепке ала  отырып,  кең  ауқымда   даярланатын   болады.