Электрондық сауда тәртібі

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 1-бабының 65-тармағында тауарлардағы электрондық сауда мәселесі қарастырылғандығы баршамызға белгілі. Тауарлармен электрондық сауда жасау тиісті шарттар қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылуға жататын кәсіпкерлік қызметтегі тың тәсіл болып табылады.

    Бұл саудада алдымен тараптар  тауарларды өткізу жөніндегі кез келген мәмілелерді электронды нысанда рәсімдеуді, тауарлар үшін төлемақыны қолма қол төлеммен емес түрде жүргізіледі. Ал, тауарлар сатып алушыға (алушыға) интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылуға жатуымен ерекшеленетін қазіргі өркениетті қоғамда лайықты орнын алған озық кәсіпкерлік қызмет түрі болып табылады.

    Салық Кодексінің 1-бабының 29-30-тармақтарында интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары беріліп отыр. Электрондық тәсілмен сауда жасау кәсіпкерлерге Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының жүз  пайызға азайтылуы себепті қаржы операциясын жүргізуге өте қолайлы әрі тиімді тәсіл деп есептеймін. Электрондық сауда жасауда тараптар бір бірімен мәмілелерді жан-жақты, объективті жасауға, қосымша делдалдық шығындарды болдырмауға, уақытты үнемдеуге, қызмет сапасын жақсартуға және тараптардың өзара жауапкершіліктерін арттыруға үлкен мүмкіндіктер алатын болады.

 Электрондық сауда барлық операциялардың ашықтығын, салық төлемдерінің дұрыс есептелініп төленуін қамтамасыз етуімен кәсіпкерлер үшін аса қолайлы болып табылады. Өркениетті қоғамдағы электрондық сауданың белгіленген тәртібі тәуелсіз елімізде кәсіпкерлікке кең өріс ашады.

 

Сәуле Құмарбекова,

Луначарский орта мектебінің

 орыс тілі мен әдебиеті

 пәнінің мұғалімі.