Цифрлы Қазақстан

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабылеттілігімен анықталады. Сондықтан, әрбір қазақстандық XXI ғасырда лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп атап көрсеткеніндей бұл ғасыр ғылым мен технологияның айрықша дамыған кезеңі болатыны сөзсіз шындық.

 

                Әсіресе, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени  және конфессияаралық келісім», «100 жаңа оқулық», «Туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыруға басымдық берілетін болады.

                Аталған бағдарламалардың ішіндегі ең маңыздысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы болып табылады. Олар бойынша ауыл-аймақтарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етеді, еліміздің транзиттік мүмкіндіктері арттырылады, әкономиканың басты салаларына цифрлы технология енгізіледі, мемлекеттік органдар жұмысының сапасы арттырылады, IT мамандары көптеп даярланатын болады.

                Қорыта айтқанда, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы еліміздің барлық салалары бойынша әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабылеттілікті арттыруға мол мүмкіндіктердің алғышарттары жасалынып отырғандығы бәрімізді болашаққа деген сенімімізді арттырып отыр.

Айдана СЕРІКБАЕВА,

заңгер.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net