Жоғары жылдамдықтағы интернет

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының  бірі - елдегі интернет-инфрақұрылымын дамыту.  Бүгінде  еліміздегі 13 миллионнан астам адам жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. 

   Халық саны 10 мың адамнан тұратын елді-мекендер 3 G  байланысымен, 50 мыңнан астам тұрғыны бар мекендер 4 G стандартымен қамтылған. Ал, өткен  жылы еліміздің барлық аудан орталықтары интернет  желісінің  төртінші  буынымен  қамтылды.

     Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәлімдеуінше министрліктің бұдан кейінгі міндеті кеңжолақты интернетті ауылдық елді-мекендерге жеткізу болып табылады, ол үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына сәйкес тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы интернетпен жалпы саны 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1249 ауылдық елді-мекен қамтылатын болады.

Б.Бейсенқызы.