Білімнің жаңа бағдары

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан   Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сай  қабылданған  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қоғамның барлық саласында жан-жақты жүзеге асырылуда.

     Жергілікті әкімдердің назарында тұрған осынау мәселеге «Нұр Отан» партиясы да  белсене атсалысып, білім беру саласын  цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалар мен робот техника  негіздерін тереңдетіп оқыту шараларын  жүзеге  асыруда.

     Информатика және ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында IT мектептер мен сыныптарда сабақтар информатика пәні мұғалімі немесе  IT мамандарының LOVETA Code және жаңа басқа да бағдарламалармен жұмыс    жасауды үйретуі арқылы жүзеге асырылады.  Әзірге бұл бастамалар мектептерде  факультативтік  пән ретінде енгізіліп, 3-6 айлық курс ретінде жүргізіледі  де  оқыту үрдісі модульдік жүйе бойынша жүзеге асады.

Бағдат  Тлеухан.