Дамудың жаңа кезеңі

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың өмір сапасын, цифрлы сауаттылықтарын арттыру болып табылады. Барша әлемді жаулаған жаһандану дәуірінде цифрлы сауатты болып, озық үлгідегі жаңа технологияларды меңгеру де         басты қажеттілік екендігі айқын.  Өйткені, цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда  маңызды рөлге ие.

 

    Бүгінгі таңда цифрландыру – әлем елдерінде дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Мәселен, әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі түгелдей цифрлы болмақ. Мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді. Біздің мемлекетімізде де қоғам дамуына түрткі болып отырған барлық салаларға цифрлық жүйені енгізу және халықтың      цифрлы сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстар өз нәтижелерін беруде.

       «Цифрлы  Қазақстан» – еліміз үшін өте маңызды бағдарламалардың бірі. Осы бағдарламада аталған Елбасымыздың нақты тапсырмаларын кезең кезеңмен орындау - мемлекетіміздің дамуына түрткі болып, ел экономикасын жақсартуға себепші болары анық.

  Ақмарал  Хаметжанова.