Тиімділік және үнемділік

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстар тек ауыл шаруашылығында ғана емес, білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, тұрғын үй коммуналдық  шаруашылығы, көлік және қаланы басқару салаларында да тиімділік көрсетіп үлгерді.

 

Бүгінде мектептер  түгелдей  компьютермен және мультимедиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл ата-ананың да, мұғалімнің де алтын уақытын үнемдейді.  Электронды  журнал жүйесі мынадай мүмкіндіктерді құрайды: әр сынып үшін сабақ кестесін жариялау, оқушының күнделігін  енгізу, баға қою, үлгерім  анализі.

                Ал күнделікте баланың үлгерімі, тәртібі   жазылатын болады.

                               (Өз  тілшіміз).