Тегін қол жеткізеді

 Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде цифрлы эфирлік телерадио хабарларын тарату бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. 2018 жылдан бастап Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұйрығы бойынша цифрлы хабар таратуды кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Мәселен, 2018 жылдың қазан  айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары цифрлы хабар таратуға көшеді. Бұл жұмыс одан әрі қалған өңірлерде де кезегімен іске асады.

 

                  Осының  нәтижесінде  ел тұрғындарының 99,8 пайызы көп бағдарламалы  телехабар  таратудың  жоғары сапалы          цифрлы    желісіне   тегін қол жеткізетін  болады.