Қылқалам құдіреті

01.02.2019ж

Биылғы жылы халқымыздың аяулы да ардақты ұлы, тылсым өнердің тізгінін алғашқы болып тартқан тума дарын иесі, Қазақстанның Халық суретшісі, жерлесіміз, Әбілхан  Қастеевтің туылғанына 115 жыл толып отыр.

     Осы атаулы күнге өз үлестерін қосу, суретшінің  өмірі мен шығармашылығын насихаттау барысында аудандық және балалар қызметкерлері Б.Нұрымова мен Г.Ибраимова «Ұлы дала ұлағаты ұшан теңіз» атты тарихи  кешпен «Дара туған даналар»   атты көрме вернисаж ұйымдастырды.

     Аталған шаралар Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімін насихаттау, көпшіліктің санасына тарихи үрдістерді сіңіру өз елімізден шыққан тарихи ұлы тұлғаларды жадымызда сақтау және оларды жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

    Мәдени кеште бірегей суретшінің қиындығы мен қызығы мол өмір жолы, шығармашылығы, атқарған қызметтері және ұрпағына қалдырып кеткен мол мұрасы жайында айтылса, көрме вернисажда суретшінің өмірбаяны, ол кісі жайында басылып шыққан әдебиеттер, альбомдар, кітапшалар, газет-журнал материалдармен қатар бірнеше еңбектері және Ә.Қастеев атамыздың ізбасарларының суреттері қойылып таныстырылып өтті.

      Бұл шарада Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясының бас қор сақтаушысы Заманбекова Шолпан Жақыпқызы сөз алып, Әбілхан Қастеевтің еңбектеріне тоқталды. Бұл шараға аудандық мәдениет үйінің әдіскері Байжұмаева Бақытгүл Мәулімжанқызы, №6 орта мектеп интернатының кітапханашысы Байсалбаева Айгүл Исенбекқызы және осы мектептің 9 сынып оқушылары мен кітапханашылары қатысты. 

                Бағлан Нұрымова,

 аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет

көрсету бөлімінің меңгерушісі,

Гүлбақыт Ибраимова,

балалар   кітапханасының  меңгерушісі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129937