Ұлы Жібек жолы – болашаққа жол

08.02.2019ж

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын тебіренбей оқу мүмкін емес. Келешегімізге айқын  бағдаршам болып отырған мақаладағы  ұлы даланың жеті қыры туралы  айтылған ойлар – ұлт тарихындағы кеңістік пен  уақытты, тарихи  сананы  жаңғыртуды  әспеттейді.

     «Кеңістік барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі» - дейді Елбасы Н. Назарбаев мақаласының кіріспесінде. Осы уақыт өлшемімен қарағанда Президенттің Ұлы Жібек жолы жөніндегі тұжырымдары терең ойға батырады.

    Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісі болып саналған – Ұлы Жібек жолының тауар айналымы мен  зияткерлік ынтымақтастықтың дамуына үлкен орнықты алаң болғанын  біле отырып, осы күре жолдың бойында  өмір сүріп отырғанымыздың өзі – біздер үшін үлкен мақтаныш.Жерұйығы аталған Жетісудың шығыс бөлігіндегі жері құнарлы, суы шипалы өркенді өңір – Жаркент аймағының бүгінгі кемел тынысы да осы Ұлы Жібек жолының тағдырымен тікелей байланысты.

    Осындай мәңгілік құндылықтарымызды  бүгінгі  және  келешек жас ұрпақтың санасына сіңіру  - біздер сияқты ұстаздар қауымының  басты  мақсаты.

Күлия  Коршабекова,

Жаркент  көпсалалы

колледжінің  арнайы

пән мұғалімі.