Апта сайын рухани жаңғыратын аудан

Панфилов  ауданының ауыл тұрғындары мемлекет бағдарламасын өздері жүзеге асыруда. Ауданның ұлттық спорт жанашырлары әр апта сайын Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында көкпар ойынын ұйымдастыруда.

 

Ұлттық спортымыз көкпарды ұйымдастырушылардың айтуынша эстафеталық көкпар ойыны ауданымыздың татулығымен бірлігін нығайтып, көкпарды дамытуға бағытталған игі шара дейді. 
Әр аптаның сенбі күні ауданның түкпір-түкпірінен белді балуандар тартысқан дүбірлі көкпарды қызықтаушылардың қарасы молаюда.

Өткен сенбі күні Кішішыған ауылы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайтын ойынды ұйымдастырса, оның алдында Садыр, Сарыбел ауылдарында ұйымдастырылған болатын. Алдғы уақытта осы үрдіс Тұрпан ауылында жалғасын таппақ. Бірлігі жарасқан жазиралы Жаркент өңірінің атқа мінер азаматтары татулықтың белгісі ретінде осындай ұлттық құндылығымызды дәріптеп жатқаны қуантады.

Нұрбол Ханағатұлы

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net