Тарихымызды тануға бетбұрыс

05.01.2019ж

Ағымдағы   жылдың 18 қаңтар күні Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті аудан әкімдігінің мәжіліс залында ардагерлермен кездесу өткізді. 

     Аға буын өкілдерімен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында өткен шараны аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков ашып, жүргізіп отырды.

    М.Әділұлы бұл мақаланың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелерді нақтылай түсіп, ұлттық кодымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына үлкен мән берілгенін атап өтті. Мақаладағы Ұлы даладағы атқа міну мәдениеті, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы сияқты қырларына тоқталды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарихын ұмытпай, бүгінгі күнді бағалай білу – еліміздің   табысты болуының кепілі» деген сөзі мақаланың мәнін ашып тұрғанын айтты.

      Осыдан кейін ардагер ұстаздар мақала төңірегінде пайымды пікір білдіріп, орамды ойларын ортаға салды. Зейнеткер ұстаз С.Садыққызы «Тасын түртсе, тарихтан сыр шертетін жазиралы Жаркент өңірінде де мәдени құндылықтар көп. Елбасы мақаласында көтерілген маңызды бастамалар бір орында қалып қоймай, жүзеге асырылса – нұр үстіне нұр болар еді» деген ұсынысын жеткізді.

      Кездесуді аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Әділұлы қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Ж.Кенжебек,

аудандық  кәсіподақ

 комитетінің  маманы.