Өнерліге - өріс кең

  29.03.2019ж

«Өнерлі өрге жүзер»  - деген екен дана халқымыз. Өнер – адамзат баласының ең ізгі қасиеттерінің бірі.  Тұңғыш  Президентіміз   Н.Назарбаевтың   «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында оқушылар арасында балалар бастамаларын қолдау мақсатында «Өнерді ұлықтаған жастар» атты байқау  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

    Байқауға   тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтатып, көк Туымызды ұлықтайтын жастар қатысып,  бақтарын сынады.    

    Жарыс нәтижесінде Күнтуған Жарас І дәрежелі дипломмен марапатталып, мектебіміздің мәртебесін асқақтата түсті.     Жарас сияқты дарынды оқушылардың бейімін аңғарып, өнерін ұштау ұстаздардың да парызы деп білемін.

    Мектебіміздің директоры Бағдат Қожақанқызы және ұжым мүшелері Жарасқа өз алғыстарын білдіре отырып, оның  жоғары белестерден көрінуіне ақжарма тілектерін жеткізді.

А.Омарова,

Х.Көбіков  атындағы орта мектебінің 

қазақ  тілі  мен әдебиет

пәнінің  мұғалімі.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 691116