Жастарға рухани жағдай жасау

18.01.2019Ж

Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт.

      Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс.

       Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.

       Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдістемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады.

       Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.

М.НҰрахынова,

 аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130804