Сенім серпін береді

01.02.2019ж

Елбасының жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу, білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату сынды тапсырмалары біз үшін, жастар үшін қолға алынып отырған мақсат-міндеттер деп білемін.

      Жастар өмірінде, жалпы біздің қоғамдағы тағы бір үлкен мәселенің бірі - баспана жайы. Мемлекет бұл мәселеде де жастарды қолдаусыз қалдырған емес. Елімізде "Дипломмен ауылға" деген секілді игілікті жобалар аясында жас мамандардың, әсіресе, отбасын құрып, шаңырақ көтерген жастардың баспаналы болуына материалдық көмек көрсетілуде. Оқу орнын енді бітіріп, оң солын әлі танып үлгірмеген мамандардың аяғына тік тұрып кетуіне мұндай мемлекеттік бағдарламалардың көмегі ұшан-теңіз.

     Жалпы, Қазақстанда соңғы уақытта жастарды баспанамен қамтуға бағытталған тағы да басқа бағдарламалар, жобалар қолға алынады деген сенім мол. Өйткені, Елбасының өзі жастарға айрықша сенім артып отыр. Мемлекет қайраткерлері, депутаттар да жастар біздің Ұлтымыздың ертеңі деп төбесіне көтеріп жүреді. Бұл енді, әрине, аға буын алдындағы жауапкершілік жүгін ауырлата түседі. Түрлі бағыттағы осындай қолдаулардың қарымын қайтару керек. Үлкендер артқан сенім үдесінен шығу керек.

 Е.Нұрахметов,

"Үлкенағаш"

БПҰ төрағасы.

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net