Ел үміті - білімді жастар

11.03.2019ж

2019 жыл  «Жастар  жылы» деп жариялануына орай 26 ақпан  күні  «Қазақ және ұйғыр тілдері» ПЦК-ның  ұйымдастыруымен  Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде  «ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР»

тақырыбында  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, психология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын     Мұхамеджан Тазабекпен  ғибратқа толы сыр-сұхбат өтті.

    Кездесу барысында  жастардың рухани кемелденуіне,  азамат болып қалыптасуына септігін тигізер ғибратты әңгімелері – бүгінгі студент жастардың тәрбиелі азамат болып өсуіне рухани азық болды. Студент жастар  өздерін толғандырып жүрген      тақырыптарына         байланысты сұрақтар қойып, ұтымды жауаптарын ала білді.

                Сыр-сұхбат кездесуіне Алматы облыстық студенттер Альянсының   директоры, Сүлейман Демирель университеті Жастар саясаты бөлімінің басшысы  Ванкеев Шамиль, Алматы облыстық дін істері басқармасының Панфилов ауданы бойынша теолог-инспекторы Нурақышов Күмісбек, аудандық «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшісі    Нарымбаев Ерлан және Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің  ардагер ұстаздары қатысты. Кеш соңы аталған  колледждің өнерлі студенттерінің мерекелік концертіне ұласты.

К.Нуракишев,

теолог.