Мен егер лаулап жанбасам...

07.06.2019ж

Түріктің кемел ақыны Назым Хикметтің

Мен егер лаулап жанбасам,

Сен егер лаулап жанбасаң,

 

Ол егер лаулап жанбаса-

Ашылар түнек түн қашан, деген керемет өлең жолдары-бүгінгінің біз сияқты жастарына да айтылған өсиетті сөз сияқты.

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысқан кеңесте жастардың  елдегі өзгерістер процесіне қатыстылығы туралы айта келіп  ойын былайша өрбітеді… Сондай-ақ орта  білім саласында үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру да өте күрделі және маңызды мәселе. Ең алдымен қазақ және орыс тілдерінде оқыту жүзеге асырылуы тиіс. Бұл біздің балаларымыз үшін өте маңызды».

   Жастарды қолдау-мемлекеттік саясаттың басымдылығы болып саналады.Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы да осы басымдықты жүзеге асырудың бір тетігі сияқты. «Мен жастарға сенемін» деп ұлы Мағжан ақын айтып кеткендей, еліміздің нұрлы болашағы болып табылатын жастарға сенім арту - өркениеттіліктің  белгісі. Осы орайда  Жастар жылына жақсы оқу, саналы тәртіп, тағылымды тәрбиемен үлес қосу-әрқайсымыздың парызымыз болып табылады.

                Алмас  Әбдірахимов,

Жамбыл атындағы

 орта мектептің 11 сынып оқушысы.