2023-01-31
Бүгін Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға колледж ұстаздары және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты- құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін студенттерге түсіндіру.Құқықтық тәрбиенің, маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу.Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп қазақ атамыз айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Сондықтан да, білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс.