Жастар саясатына - жаңа бетбұрыс

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі – жастар. Қазақстанда  «Қазақстан 2020: болашаққа жол» жастар саясатының мемлекеттік Концепциясы бекітілген.

 

       Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері-табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.

       Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады: «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»; «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»; «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».

                2004 жылы ҚР мемлекеттік  жастар  саясаты туралы заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді.

       Қазақстан  Республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған       жастар. Тұжырымдаманың мақсаты жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады. 

        Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады.

                - Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

               -                Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

               -                Еңбекке құрмет;

               -                Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

               -                Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

             -  Қиындықтан қорықпай табысқа жету;

             -  Отанға деген сүйіспеншілік;

         Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Өз елінің патриоты болу еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы.

   Ғабит Байсиықов,

аудандық Әділет

басқармасының  инспекторы,

 Қазақстан Заңгерлер 

 Одағының   мүшесі