Көңілге көрік ұялатты

 

Елбасымыз айтқандай, туған жердің әрбір мекені, сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Қазақ халқына суықта пана, ыстықта сая болған мекендердің әрқайсысының шығу төркіні жайлы ел арасында талай аңыздар мен әңгімелер жетерлік. Ең бастысы, мұның бәрін жас ұрпақ білуі тиіс.

 

                Осы мақсатта, Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығы "Жас Отан" ЖҚ бөлімшесі, Үлкенағаш ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы А.Құрмановтың ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясының "Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында аудан жастарымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жерім тұғырым» атты туған өлкеге саяхат жасадық.

                Бұл күні жастар Киелі ағаштың тамаша табиғатының аясында суретке түсіп,  биік-биік ағаштарының көлеңкесінде демалып, бірнеше қалта қоқыс жинады. Ең бастысы, аталған істердің барлығы ауызбіршілікте, бірлікте атқарылды.

                Танымдық әрі табиғатты аялау мақсатында өткен, яғни алдымен кең байтақ жеріміздің қасиетін ұғындырып, оны    ластамауды, келешек ұрпаққа таза күйінде аманат етуді санаға түйген экскурссия Жаркент-Арасан шипажайында жалғасын тапты. Қостаудың етегінен орын алған Жаркент-Арасан шипажайын тамашалаған біз «Жерімізді, табиғатымызды осылай да қамқорлыққа алуға болады екен ғой» деген ойға келдік. Бір жағынан, барымызды бағаласақ, екінші жағынан бай мәдени мұрамызды ел арасында, шетелдіктерге насихаттауға таптырмас құндылық болары сөзсіз.

                 Мұнда келген қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, таза ауада тамақтанады, ұлттық тағамдардан дәм татады, арнайы туристік бағыттар бойынша өңірдің тарихи және көрікті жерлерін аралайды.

 Алмас  Құрманов,

«Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің   жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net