Ұстазды ұлықтау -ұлы іс
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2018 03:56
- Автор: Super User
- Категория: Жолдауға қолдау
- Қаралды: 1409
09.11.2018 жыл
Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы ұстаздар қауымын ерекше қуанышқа бөледі.Маңызды құжатта Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігін тапсырды.
Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін қанаттандырып,өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерін арттыра түседі. Педагог - оқытушы ғана емес, ұлт тәрбиешісі.
Мектебімізде педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде жыл сайын өткізіліп жатқан республикалық, облыстық, аудандық байқауларда шәкірттеріміз жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Елбасы жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің білім беру әдістемесі мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай стандартқа айналуы тиіс екенін айтты. Назарбаев зияткерлік мектебінің әдістерін қолдана отырып, мектеп ұстаздары жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 16 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Атап айтқанда, информатика пәнінің мұғалімі Г.Имамбекова ағылшын тілі курсын тәмамдап, нәтижесінде қазіргі талапқа сай бағдарламалар негізінде үш тілде сабақ жүргізуде. Осылайша Мемлекет басшысы жүктеген жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында мектебіміздегі педагогтар біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
Бала - еліміздің ертеңі, біздің болашағымыз. Мектепте оқушылар функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, алған білімдерін өмірде қолдана алады. Жаңашыл, жақсы ойлай білетін тұлғаны қалыптастыруымыз қажет деп ойлаймын.
Біздің мектепте 70 мұғалім, 26 қызметкер, 2 тәрбиеші қызмет етуде. Оқушылар саны да жылдан-жылға артып отыр.
Биылғы ҰБТ көрсеткіші орташа балл - 80,5%, 12 оқушы жоғарғы оқу орнының білім гранттарының иегері атанса, мектептегі білім сапасы-56,7% көрсетті. Осы жылы 93 бала мектеп табалдырығын аттады.
Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында. Олай болса, болашағымыздың тірегі білімді ұрпақ ұстаздардан тәлім алады. Ұстаздарды ұлықтау- ұлы іс екенін ескеріп отырған Елбасымызға алғысымыз шексіз!
Дәулеткелді Ашкиев,
«Кіші шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.