Әлеуметтік мәні бар жолдау

«Қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы көптің көкейіндегі мәселелерді дөп басқандай.

       Жолдау 6 басым бағыттан тұрады. Әуелгісі халық табысын жоғарылатуды көздейді.   Келер       жылдан   бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 %-ға артуы тиіс. Яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Елбасының Үкіметке алғашқы тапсырғаны осы. 

       Қазіргі  таңда  Қазақстанда бүлдіршіндердің  95%  балабақшаға барады, енді мектепке дейінгі ұйымдардың сапасына мән берген жөн. Еуропа елдерінде 6 жасқа дейін берілген тәрбие мен білімнің сапасына ерекше қарайтындығын жеткізді Н.Әбішұлы. Сонымен қатар, елбасы келер жылы педагог мәртебесі туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Алдағы бес жылдың ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 10%-ын құрауы тиіс. Осылайша халықтың ойындағы өзекті мәселелерді толығымен шешу жоспарда.

М.Ибраимова,

 Жаркент қаласы  әкімінің  орынбасары.

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

booked.net