«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы көптің көкейіндегі мәселелерді дөп басқандай.
Жолдау 6 басым бағыттан тұрады. Әуелгісі халық табысын жоғарылатуды көздейді. Келер жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 %-ға артуы тиіс. Яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Елбасының Үкіметке алғашқы тапсырғаны осы.
Қазіргі таңда Қазақстанда бүлдіршіндердің 95% балабақшаға барады, енді мектепке дейінгі ұйымдардың сапасына мән берген жөн. Еуропа елдерінде 6 жасқа дейін берілген тәрбие мен білімнің сапасына ерекше қарайтындығын жеткізді Н.Әбішұлы. Сонымен қатар, елбасы келер жылы педагог мәртебесі туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Алдағы бес жылдың ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 10%-ын құрауы тиіс. Осылайша халықтың ойындағы өзекті мәселелерді толығымен шешу жоспарда.
М.Ибраимова,
Жаркент қаласы әкімінің орынбасары.