Жаркенттік жастар үндеуге үн қосты

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының жанынан құрылған жастар кеңесі «Ұстаз мерейін өсірген Жолдау» атты жастар форумын өткізді.

 

    Аталған шарада Ескелді ауданына қарасты білім мекемелеріндегі жас ұстаздар Елбасының Жолдауын қолдап, Жетісу өлкесінің жастарына Үндеу жариялаған болатын.

    Осы Үндеуге Панфилов ауданының жастары да үн қосты. 21 қараша күні Пенжім орта мектебінде бас қосқан жас мамандар Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі идеяларына тоқталып, оның ішінде жастарға тікелей қатысы бар басымдықтар туралы өзара ой бөлісті.

   Шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған жастар кеңесінің төрайымы Шеризат Балжан сөйлеп, «Ұстаз мерейін өсірген Жолдау» атты жас ұстаздар форумына қатысушылардың  Үндеуін оқып, таныстырды.

    Жаркенттік жастар Жолдауға байланысты пікір айтып қана қоймай, көкейде жүрген ұсыныс-ниеттерін де білдірді. Жас мамандар Ақынова Ақбөпе, Кайнидин Ақмарал «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына өздерінің ұсыныстарын айтты.   

    Кездесуге қатысушылар Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы өздеріне тың серпін беретінін атап өтті. Өз кезектерінде мемлекет қамқорлығына еліне адал қызмет етуімен, спорттағы және шығармашылықтағы табыстарымен жауап беретініне сенім білдірді.

 Ж.Кенжебек,

аудандық кәсіподақ комитетінің маманы.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net